13.04.2007, 14:44 3565

Ақтөбедегі құдығына бала құлап кеткен "Ақбұлақ" АҚ-ына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде

АҚТӨБЕ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбе полициясы мен прокуратурасы құдығына 9 жасар бала құлап мерт болған "Ақбұлақ" АҚ-ына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

"Біз бұл нысанның қараусыз қалу дерегі бойынша тексерулер жүргіздік. Біздің алдын-ала пайымдауымызша, бұл жерде "Ақбұлақтың" кінәсі бар. Құбырдың апатты жағдайда екенін біле тұра олар оның жарылу немесе түсіп кету мүмкіндігін тексермеген",- деді Ақтөбе қаласының прокуроры Болат Шілікенов.

Сонымен бірге прокурордың хабарлауынша, қазір осы маңдағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізілуде. Өйткені, "Ақбұлақ" АҚ-ына қатысты тұрғындардан бұрын да арыз-шағымдар келіп түскен.

"Бұл оқиға болған кезде полиция қызметкерлері трассаны қарап шыққан, нәтижесінде айналасы қоршалмаған апатты орындар анықталған. "Ақбұлақ" қызметкерлері мұндай дерекке жол бермеу үшін шара қолдануға тиіс болатын",- деді Б.Шілікенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-сәуірде Ақтөбеде 9 жасар бала жер бетінде түзілген шұңқыр арқылы кәріз құбырына құлап кеткен. Баланы тек төртінші күні ғана тауып алды. Ол қатты ағынмен алысқа ағып кеткен. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша баланың өкпесіне су кіріп кету салдарынан қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны