12.06.2015, 12:35 3665

Ақтөбелік көлік сақшылары "Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын өткізуде

Ағымдағы жылдыӊ 11-15 маусымы аралығында Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызмет көрсету аумағында "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" акциясы өткізілуде

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 11-15 маусымы аралығында Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызмет көрсету аумағында "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған шараныӊ басты мақсаты - теміржол бойында Елбасымыз Н.И. Назарбаевтыӊ "тәртіпсіздікке мүдем төзбеушілік" туралы тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ортақ пайдаланатын орындарды ластауға жол бермеу.

Шара барысында әкімшілік полиция бөлімініӊ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлерінен арнайы топтар құрылып, жолаушылар поездарында, перрондарда қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарды ластаудыӊ алдын алуға қатысты кеӊ ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе ст. ІІЖБ-ныӊ Икімшілік полициясы басқармасыныӊ қызметкерлері 2834 ұсақ құқық бұзушылықты анықтады. Оныӊ ішінде қоғамдық орындарға мас күйінде келгені немесе немесе ішімдік ішкені үшін 733, ұсақ бұзақылық жасаған 123, тыйым салынған жерлерде темекі шеккен 128 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, ҚР ИҚБтК-ніӊ 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиісуге қатысты 27 факті тіркелді.

Бұған қоса Икімшілік кодекстіӊ өзге де баптарымен 1791 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Жыл басынан бері 4 жазатайым оқиға орын алды, оныӊ 1-еуі адам өлімімен аяқталды. Есептік кезеӊде құқық бұзушыларға барлығы 9 млн 186 мыӊ Акция шеӊберінде теміржол вокзалы ғимараты мен жолаушылар поездарында жолаушыларға ұсақ құқық бұзушылық бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны