24.06.2010, 12:01 2681

Ақтөбелік полицейлер азаматтардың арыздарын электрондық тіркеу жүйесіне көшпек

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, семинарға Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары мен Көліктегі батыс ІІД ішкі істер органдары қызметкерлері мен прокурорлары қатысты.

Ақтөбе. 24-маусым. Kazakhstan Today Бірінші шілдеден бастап ақтөбелік полицейлер азаматтардың арыздарын электрондық тіркеу жүйесіне көшпек. Осы арқылы ашықтыққа қол жеткізіліп, азаматтардан түсетін арыздар мен шағымдардың қарастырылуы мерзіміне бақылау қамтамасыз етіледі. деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, семинарға Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары мен Көліктегі батыс ІІД ішкі істер органдары қызметкерлері мен прокурорлары қатысты.

Жаңа жүйенің артықшылығы, азаматтардың арыздарын тіркеу кезінде ол Ішкі істер департаментінің мәліметтер қорына енгізіліп, автоматты түрде Бас прокуратураның серверіне түсіп тұрады. Осының арқасында, материалдарға қатысты шешімнің орындалуын қадағалап отыруға АІІБ, ІІБ, ІІД мен бірге, прокуратура өкілдері де мүмкіндік алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны