14.02.2008, 17:57 3125

Ақтөбенің билік өкілдері өрттен зардап шеккен он отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берді

Ақтөбенің билік өкілдері өрттен зардап шеккен он отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берді

Ақтөбе. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбенің билік өкілдері өрттен зардап шеккен он отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Архимед Мұхамбетов құлағдар етті деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

А. Мұхамбетовтың сөздері бойынша бүгінгі күнде өрт болған жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына басқа мекемелерді қоспағанда, қала әкімдігінің өкілдері, құрылыс департаменті, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кіріп, өртенген үйдің актісін жасауда.

"Сараптаудың қорытындысы бойынша біз үйді қалпына келтіру жөнінде немесе, оны толық жойып, орнына жаңа баспана тұрғызу жөнінде шешім қабылдаймыз", - деп хабарлады А. Мұхамбетов. Сонымен бірге ол айтқанындай, "қандай жағдайда болмасын, зардап шеккендер баспанасыз қалмайды".

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары айтқанындай, бүгінде баспанасыз қалғандар алты айға жалға алынған үйлерге орналастырылып, олардың төлем ақысы жергілікті билік өкілдері тарапынан жүргізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ақтөбе қаласының маңында 13 ақпанға қараған түні газ балонның жарылуынан 10 отбасына арналған барак үлгісіндегі үй өртенді. Соның салдарынан 45 адам баспанасыз қалды. Сонымен бірге ерлі зайыптылар мен олардың кәмелеттік жасқа жетпеген екі баласы түрлі дережелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Үшеуі қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны