18.05.2007, 11:19 2482

Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Қанат Ийменов үкімет басшысының кеңсесіндегі жұмысынан босатылған - үкімет басшысының баспасөз қызметі

АСТАНА. 18 мамыр. Kazakhstan Today. Алаяқтығы үшін күдікті деп танылған Қанат Ийменов үкімет басшысының кеңсесіндегі жинақ-талдама бөлімінің сектор меңгерушісі қызметінен наурыз айында босатылған, деп хабарлады үкімет басының баспасөз қызметі.

"Қанат Ийменовтың қазіргі күні үкімет басшысы кеңсесінің қызметкері емес екендігін ресми түрде жариялаймыз. Ол 2007 жылдың 12-ші наурызында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңсесі жинақ-талдама бөлімінің сектор меңгерушісі қызметінен өз еркімен босатылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Хабарламада, сондай-ақ, "жер қатынастары мәселелері, сонымен қатар, жергілікті атқару органдарымен ықпалдастық Қанат Ийменовтың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген" деп атап өтілген.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттігі алаяқтыққа қатысы бар күдікті деп танып, үкімет басшысы кеңесінің бөлім меңгерушісі Қанат Ийменовқа қатысты қылмыстық іс қозғайтынын мәлімдеген болатын.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, кеңсе қызметкері "бірқатар алаяқтық әрекеттер жасап, құрылыс компанияларының басшыларын Алматы әкімшілігінің қызметкерлері-міс әлдебіреулерге пара беруге итермелеген", сондай-ақ "басқа да тұлғалармен ымыраласа отырып, арнайы сыйақы үшін құрылыс компанияларының жер телімдерін алуларына көмек көрсеткен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны