03.08.2019, 00:50 19604

Алакөлде қонақ үйден шығарылған суды көлге төгу оқиғасына қатысты арнайы комиссия жұмыс істеуде

Комиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы екені анықталған, қазіргі кезде суды ағызутоқтатылған. Су соратын сорғыш дәл сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынуы тиіс су керісінше кері қайтқан.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысы Алакөл көлі жағалауындағы "Көктем Гранд" демалыс орнынаншыққан судың құбыр арқылыкөлге құйылып жатқаны туралыбейнежазба Facebook әлеуметтік желісіндетаралғанболатын. Осы мәселеге қатысты Алакөл ауданында арнайы комиссия құрылып, комиссия өз отырысын өткізді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Комиссия құрамына аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандары енгізіліп, комиссияғааудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновтөрағалық етті.

Комиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы екені анықталған, қазіргі кезде суды ағызутоқтатылған. Су соратын сорғыш дәл сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынуы тиіс су керісінше кері қайтқан.

Мамандардың айтуынша, осы оқиғаға байланысты экологиялық нормаларға сәйкес қонақ үй әкімшілігіне тиісті жауапқа тартылатын болады.

Аудандық комиисия қазіргі кезде тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары судан қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алып жатқанын айтады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны