16.06.2015, 17:25 3968

Алакөл жағалауын тазартты

Алакөл ауданында "Таза өзен - таза жағалау" атты дәстүрлі экологиялық акция аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Алматы. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Алакөл ауданында "Таза өзен - таза жағалау" атты дәстүрлі экологиялық акция аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Акцияға жастар ресурсы орталығыныӊ мүшелері, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығыныӊ қызметкерлері, Алакөл жағалауындағы Ақши ауылында орналасқан демалыс үйлері мен базаларыныӊ иелері қатысты. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мен оларды полигонда кәдеге жарату үшін екі автокөлік пен "Акмодор" техникасы бөлінді.

Еріктілер жағалауды су шайып кетпес үшін және топырақты бекемдеу үшін тал отырғызды.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімініӊ басшысы Дәулет Жуандықовтыӊ айтуынша, көл жағалауындағы демалыс үйлері мен пансионаттардыӊ иелері экология мәселесіне ерекше мән бере бастаған. Мәселен, "Эко 1" жобасы бойынша құрылысы салына бастаған "Аквамарин Резорт" жаӊа базасы қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды брикеттеп, жылыту жүйесі пешіне өртеу жолымен оқшаулы циклда өӊдеуді, биогаз алу мақсатында биоқондырғы қоюды қолға алмақшы.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны