15.05.2017, 16:35 4705

"Алаштану және музей" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті

2017 жыл "Түркістан түркі әлемініӊ мәдени астанасы" деп жариялауына және Алаш партиясыныӊ 100 жылдығына орай "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде "Алаштану және музей" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жыл "Түркістан түркі әлемініӊ мәдени астанасы" деп жариялауына және Алаш партиясыныӊ 100 жылдығына орай "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде "Алаштану және музей" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына Республикамыздағы және көршілес мемлекеттерде тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларыныӊ ғалымдары мен алаштанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, музейлер және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу институттарыныӊ қызметкерлері қатысты.

Атап айтсақ, Ресейдіӊ Москва қаласынан Л.В.Куликова, Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетініӊ профессоры филол.ғ.д. А.Еспенбетов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетініӊ профессоры т.ғ.д. Х.Тұрсын, ҚР Президент Архивініӊ ғылыми жариялыным бөлімініӊ басшысы Е.Чиликова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ қызметкері гуманитарлық ғылым магистрі Б.Сейтенова, "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-мұражайыныӊ аға ғылыми қызметкері Ж.Шілдебаева және музей қызметкерлері қатысып баяндамаларын оқыды.

Конференция барысында Алаш қозғалысыныӊ бастаулары, Алаш қозғалысыныӊ тарихи маӊызы, ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихыныӊ зерттелуі, Алаш мәселесі, қазақ мемлекеттігініӊ концепциясы, Алаш идеясындағы "Мәӊгілік ел" құндылықтары, ХХ ғасырдыӊ басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Алаш зиялыларыныӊ өмірі мен қоғамдық-саяси қызметтері туралы өзекті мәселелер қозғалып, ХХ ғасырдыӊ 20-30 жылдарындағы Қазақстанныӊ мемлекеттік билік жүйесіндегі құбылыстар тарихы мен мемлекеттік билік органдарында қызмет еткен қазақ қайраткерлерініӊ арасындағы топшылдық күрес тарихы, XXI ғасырдыӊ басындағы, қоғамымыздыӊ қайта жаӊарып демократиялануы, тарихымыздыӊ күрделі беттерін яғни, "ақтаӊдақтарын" ашуға сол заманда өмір сүрген, тоталитарлық жүйеге қарсы күрескен тарихи тұлғаларды ақтауға, Кеӊестік дәуірдегі қуғын-сүргін саясатын, мұрағаттық нақты деректер арқылы әшкерелеуге мол мүмкіндік туғандығы, қазақ халқыныӊ болашағы үшін күрескен азаматтарыныӊ аты таптық өшпенділікке негізделген тарихнамалық мәселелер қарастырылды. Соынмен қатар, т.ғ.д. Хазретәлі Тұрсын "Алашқозғалысы Оӊтүстік қанатыныӊ тарихи қызметі" тақырыбында баяндамасын оқып, Түркістан қаласында "Алаш аллеясын" ашуды ұсыныс жасады.

Айта кетсек, конференция аясында арнайы жинақ жарық көреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны