24.12.2012, 18:45 3076

"Алатау" инновациялық технологиялар паркіне қатысушы компаниялардың саны 3 есеге өсті және 148 компанияға жетті

2012 жылы "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" еркін экономикалық аумағына қатысушы компанияларлың саны 3 есеге көбейіп, 148 компанияны құрады, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Алатау" инновациялық технологиялар паркіне қатысушы компаниялардың саны 3 есеге өсті және 148 компанияға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" еркін экономикалық аумағына қатысушы компанияларлың саны 3 есеге көбейіп, 148 компанияны құрады, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов.

"2012 жылы Инновациялық технологиялар паркіне қатысушы компаниялардың саны 3 есеге көбейді және 2012 жылдың желтоқсан айының басындағы көрсеткіш бойынша олардың саны 148 болды", - деді А.Құлсейітов.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2012 компаниялардың қызметтерінен түскен салықтар 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге дерлік ұлғайып, 2,2 млрд, теңгені құраған.

"Компаниялар парктің аумағында қызмет етуде. Онда тек отандық старт-ап жобалар ғана емес, ірі шетелдік компаниялар да жұмыс істеуде немесе қазіргі таңда тіркелуде.

Мысалы, оптикалық-талшықты жүйелер саласындағы оңтүстіккорейлік көшбасшы LSNetworks компаниясы біздің парктің аумағында өндірістік желіні жолға қойып отыр", - деп хабарлады агенттік басшысы.

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аумағы - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің Алматы қаласының іргесіндегі Алатау кентінде орналасқан сегіз технопаркінің бірі. Технопарктің арнайы салықтық және кедендік тарифтермен байланысты бірқатар жұмыс ерекшеліктері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны