08.06.2015, 12:29 3789

Алдағы күндері еліміздіӊ батыс және солтүстік өӊірлерінде ауа температурасы төмендейді

Ресейдіӊ еуропалық аумағыныӊ солтүстік-батысынан Қазақстанға қарай жылжыған суық атмосфералық ауа ағындары елімізде найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын-шашынныӊ орын алуына, екпінді жел соғып, республиканыӊ батыс, солтүстік облыстарында температураныӊ төмендеуіне әкеледі

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Ресейдіӊ еуропалық аумағыныӊ солтүстік-батысынан Қазақстанға қарай жылжыған суық атмосфералық ауа ағындары елімізде найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын-шашынныӊ орын алуына, екпінді жел соғып, республиканыӊ батыс, солтүстік облыстарында температураныӊ төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанныӊ солтүстік, орталық, оӊтүстік-шығыс аудандарында осындай ауа райы сақталады, ал республиканыӊ батысында, оӊтүстігінде және шығысында жауын-шашын аздау болады, температура нормадан 1-3 градусқа төмен болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облыстардыӊ басым бөлігі 10, 11 маусымда ауа ағындарыныӊ ықпалында болады. Сондықтан жер-жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жаууы ықтимал. Республиканыӊ оӊтүстік-батысы мен оӊтүстігінде қатты ыстық болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны