08.08.2016, 20:40 4230

Алдағы үш күнде Қазақстанда 41 градусқа дейінгі аптап ыстық күтілуде

Елдіӊ батысы мен оӊтүстігінде күндізгі ауа температурасы 33-38С, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта да 30-37 градусқа жетеді.

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Синоптиктер Қазақстанда 41 градусқа дейінгі аптақ ыстық болатындығын болжап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер етеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бірақ, 11 тамыз күні елдіӊ батыс пен солтүстік бөлігіндегі шалғай аудандарда жауын сіркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.

Сонымен қатар, республиканыӊ басым бөлігінде әдеттегіден 3-7С жоғары ыстық ауа райы күтілуде.

Елдіӊ батысы мен оӊтүстігінде күндізгі ауа температурасы 33-38С, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта да 30-37 градусқа жетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны