29.12.2008, 09:53 1550

Алдағы үш күнге арналған Алматыдағы күн райының болжамы

Алдағы үш күнге арналған Алматыдағы күн райының болжамы

Алматы. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік жетекші болжам орталықтарының мәліметіне негізделген алдағы үш күнге арналған Алматыдағы күн райының болжамы.

Орталықтардың мәліметінше, бүгін күндіз Алматыда ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша нөл шамасындағы градусты құрайды, бұлтты, шамалы қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 1 метрді, қысым сынап бағанасының 688 миллиметрін құрайды.

30 желтоқсанда түнгі температура минус 5 градус, күндіз - минус 3 градус болады, бұлтты, болымсыз қар жауады, желдің жылдамдығы - секундына 2 метр, қысым - сынап бағанасының 694 миллиметрі деңгейінде болжануда.

31 желтоқсан күні түнде ауаның температурасы минус 7 градус, күндіз - плюс 2 градус, желдің жылдамдығы секундына 1 метр, қысым - сынап бағанасының 693 миллиметрі деңгейінде болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны