04.08.2008, 14:50 2530

Алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты барлық мәселелер 1 қазанға дейін шешілуге тиіс - премьер-министр

Алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты барлық мәселелер 1 қазанға дейін шешілуге тиіс - премьер-министр

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты барлық мәселелер 1 қазанға дейін шешілуге тиіс. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бұл мәселені тікелей өз бақылауларына алып, 1 қазанға дейін мәселені шешуге тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.

Ол сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын айрықша бақылауға алуды тапсырды. "Егер қандайбір ауданның аумағында проблема туындай қалса, мен облыс әкімдеріне осы ауданның әкімін бірден жұмыстан шығаруды тапсырамын", -деп мәлімдеді үкімет басшысы.

Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғановтың мәлімдеуінше, "биыл жөндеу жұмыстарының көлемі өткен жылғымен салыстырғанда біршама жоғары. Биыл 9 энергоблокқа, 70 талдамалық қазандыққа, 54 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Яғни, бұл сан қазандықтар бойынша 18%, турбиналар бойынша 27-28% артық. Электр және жылу желілері де үлкен көлемде жөнделуге тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны