28.02.2008, 16:31 4728

Алданған үлескерлер демократиялық елдерден саяси баспана сұрағылары келеді

Алданған үлескерлер демократиялық елдерден саяси баспана сұрағылары келетіндіктерін мәлімдеді. Бұл туралы "Азаматтардың тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуымен байланысты проблемалар және оларды шешу жолдары" атты дөңгелек үстел барысында "Алматыинвестстрой" ЖШС үлескерлерінің бастамашыл тобының жетекшісі Яна Исакова мәлім етті.

Алматы. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алданған үлескерлер демократиялық елдерден саяси баспана сұрағылары келетіндіктерін мәлімдеді. Бұл туралы "Азаматтардың тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуымен байланысты проблемалар және оларды шешу жолдары" атты дөңгелек үстел барысында "Алматыинвестстрой" ЖШС үлескерлерінің бастамашыл тобының жетекшісі Яна Исакова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның құрылыс дүмпуі мен сыбайлас жемқорлық құрбандары демократиялық елдерден саяси баспана сұрайды", - деп Я. Исакова үлескерлердің үндеуін оқып берді.

Оның айтуынша, әзірге бұл ниет қана. Алайда, тек "Алматыинвестстройдың" ғана емес "Верный - kz", "BS-Group", "Елім-ай" секілді компаниялардың да көптеген үлескерлері бұл акцияны қолдап шыққан және оны жүзеге асыра қалған жағдайда оған қосылатындықтарын хабарлаған.

"Біз бұл акцияның экономикалық жағынан гөрі саяси жағы басым екенін жақсы түсінеміз. Бірақ та біз өз проблемаларымызды заңды тұрғыда және негізі оны шешуге тиіс құрылымдарда шеше алмасақ, осындай әдіске жүгінуге тырысамыз", - деп көрсетілген үлескерлердің үндеуінде.

Үлескерлер мемлекеттік құрылымдарды, атап айтқанда, Алматы қаласының әкімшілігін олардың мәселесіне бас ауыртпағандары үшін кінәлі санайды. "Біз құзырлы мекемелерге бір жыл бойы жүгірсек те, болған жағдайға нақтылы жауап беретін адамдарды таба алмадық. Айтайын дегеніміз, құрылыс компанияларына жер берген, жер бөліп беру немесе рұқсат беру бойынша қандай да бір құжаттарға қол қойған адамдарды таба алмадық", - деді үлескерлер өкілі.

Сонымен бірге, дөңгелек үстелге қатысушылар әкімшілікті алданған үлескерлерге көмектесе алатын орган деп есептеп отыр.

"Шаңырақ" республикалық қоғамдық ұйымының заң бөлімінің басшысы Юрий Усов айтқандай, Ресейдегі дәл осы секілді жағдайдың сараптамасы алданған үлескерлер ол жақта да көптеген бұқаралық ақпарат құралдарына мәселенің мән-жайын хабарлау оқиғалары орын алған. "Сонда да, жергілікті билік органдары бұл проблемаларды шешуге тікелей қатынасқан жерлерде осы мәселелер соншалықты ушықпай шешілген".

Мысал ретінде ол Калининград пен Санкт-Петербург қалаларындағы жағдайдың шешілуін алға тартты. Онда арнайы комиссиялар құрылып, құрамына құқық қорғау органдарының, салық қызметінің өкілдері кірген.

"Ал Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласында үлескерлердің мәселесін осылайша нақты шеше ала ма? Ол президент пен үкіметтің өкілі болып табылады емес пе? Оған ниет болған жағдайда оның іске асуы мүмкін деп есептеймін", - деді Ю. Усов.

Оның айтуынша, әкім өзінің соңғы есеп беруінде заңның осалдығынан көптеген адамдар әуел бастан адал емес құрылыс компанияларының жарнамалық арбауына түсіп қалғанын мойындаған. "Алайда оны шешу жолдарын әкім ұсынған жоқ. Одан әрі қарай әкім жағдайдан шығу үшін әрбір құрылыс объектісі, әрбір құрылыс компаниясы бойынша нақты шаралар қолдану қажет екенін айтты. Қандай да бір шаралар талқыланып та жатқан болар, бірақ, әкімшіліктің үлескерлер проблемасын қалай шешкілері келіп жатыр және шешіп жатыр ма деген сұрақтар қоғамды мазалап отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны