13.06.2018, 18:24 4564

Илемніӊ үздік аккордеоншысы Астанада концерт бермек

Илемге әйгілі француз аккордеоншысы әрі композиторы Ришар Гальяно алғаш рет елордалық театрдыӊ сахнасында өнер көрсетпек. "Музыка мерекесі" концерті 17 маусым күні "Астана Операныӊ" Камералық залында өтеді.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Илемге әйгілі француз аккордеоншысы әрі композиторы Ришар Гальяно алғаш рет елордалық театрдыӊ сахнасында өнер көрсетпек. "Музыка мерекесі" концерті 17 маусым күні "Астана Операныӊ" Камералық залында өтеді.

Осы күнде елорда тұрғындары мен қала қонақтарына әлемніӊ үздік аккордеоншысы деп танылған музыканттыӊ өнеріне тәнті болу мүмкіндігі туындап отыр. Ришар Гальяно бандонеон аспабын да асқан шеберлікпен меӊгерген. Орындаушы - аты аӊызға айналған Астор Пьяццолланыӊ досы әрі шәкірті, классика, джаз және француз шансоны тоғысқан тыӊ музыкалық бағыт - "жаӊа мьюзеттіӊ" негізін қалаушы. Ұзақ та жемісті мансабы жолында үлкен сұранысқа ие болған 50-ден астам жеке альбом жазды. Өзініӊ әлемдік турнелері кезінде беделді халықаралық сахналарда үлкен жетістікпен өнер көрсетіп, көптеген айтулы әртістер, ұжымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасады.

Ришар Гальяно 4 жасында аккордеоншы әрі ұстаз әкесі Люсьен Гальяномен бірге фортепиано мен аккордеонда ойнауды үйрене бастайды. Оныӊ өнер саласындағы өзіне тән ерекшеліктері бірнеше рет беделді жүлделермен ескерілді. Ришар Гальяно - Францияныӊ Өнер мен әдебиет орденініӊ командоры және "Ерен еӊбегі үшін" Ұлттық орденініӊ офицері екендігін атап өткен жөн. Осынау жоғары марапатты оған Франция Республикасыныӊ Президенті Франсуа Олланд жеке өзі табыстады.

Танымал әртістіӊ шығармашылығы классикалық музыкадан бастап джазға дейінгі барлық бағытты қамтиды. Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі алдында Ришар Гальяно елімізбен және оныӊ тұрғындарымен танысу сәтін асыға күтетінін атап өтті.

- Мен Астанада өзімніӊ "Клодқа арналған танго", "Марго вальсі", Opale Concerto мен Madreperla сынды бірнеше туындыларымды, сонымен қатар А.Пьяццолланыӊ композицияларын орындаймын. Музыка жазған кезде күнделікті өмірден - балаларыммен, достарыммен, ата-анаммен қауышып, жүздескеннен, табиғаттыӊ әсем көріністерінен, түрлі бояуға қанық шынайы сезімдерден шабыт аламын, - деді Ришар Гальяно.

Концерт Францияныӊ Қазақстандағы Елшілігініӊ қолдауымен өтеді.

Басталуы сағат 13:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны