03.06.2015, 10:35 4500

Алғашқы күні 3 478 қазақстандық түлек шекті деӊгейден өте алмады - ҰБТ

2014 жылы 6 233 түлек ҰБТ-дан сүрінген еді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ таратқан хабарламасында айтылған

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ алғашқы күнініӊ нәтижесі бойынша 3 478 түлек шекті деӊгейден өте алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 жылы 6 233 түлек ҰБТ-дан сүрінген еді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ таратқан хабарламасында айтылған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Тараз қаласындағы № 45 классикалық қазақ гимназиясыныӊ түлегі Ердосова Гүлназ Жандосқызы 125 балл жинады. 100 балдан жоғарыға қол жеткізгендер - 3 409. Ал 2014 жылы 3 797 болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны