03.06.2015, 15:29 3961

"Алматы-2-Защита" пойызы күн сайын қатынайтын болады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын ескере отырып, 2015 жылдыӊ 29 маусымынан бастап "Алматы-2-Защита" бағыты бойынша жаз маусымында күн сайын (бұрын күнара) қатынайтын жаӊа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызыныӊ тағайындалғанын хабарлайды

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын ескере отырып, 2015 жылдыӊ 29 маусымынан бастап "Алматы-2-Защита" бағыты бойынша жаз маусымында күн сайын (бұрын күнара) қатынайтын жаӊа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызыныӊ тағайындалғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, 2015 жылдыӊ 04 шілдесінен бастап жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жаз маусымында "Астана-Костанай" бағыты бойынша күнара қатынайтын жаӊа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады.

Қосыша ақпаратты темір жол вокзалдарыныӊ анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны