28.09.2016, 18:22 6236

Алматы әкімдігі мүгедектерге арналған ақпараттық турларды қаржыландыратын болады

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, арнайы бағдарлама жасалып, оныӊ бір бөлімі бойынша, мобильділігі төмен туристерге арнап ақпараттық турлар ұйымдастыру, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін нысандарға қол жетімділікті жақсарту жұмыстары қарастырылатын болады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап бағдарлама жасайды, деп хабарлады қалалық әкімдіктіӊ туризм және сыртқы байланыстар басқармасыныӊ басшысы Тимур Дүйсенғалиев.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, арнайы бағдарлама жасалып, оныӊ бір бөлімі бойынша, мобильділігі төмен туристерге арнап ақпараттық турлар ұйымдастыру, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін нысандарға қол жетімділікті жақсарту жұмыстары қарастырылатын болады.

"Біріншіден, бюджет қаржысы есебінен мобильділігі төмен туристерге арнап ақпараттық тур түрлері ұйымдастырылады. Біз бір салиқалы топты қабылдап, Алматы әкімдігі есебінен толықтай қаржыландыруға ниеттеніп отырмыз. Сонымен қатар біз нысандарды санақтан өткізуді одан әрі жалғастыруды және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін нысандарға қол жетімділікті арттыра түсуді көздеудеміз", - деді ол.

"Аржан" қоғамдық қорыныӊ ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні мүгедектікке душар болған адамдардыӊ 70%-дан астамыныӊ қолы бос уақыты мен демалысы мүлдем дерлік ұйымдастырылмаған. Бұл көбінесе туристік қызмет көрсету саласындағы мамандардыӊ мобильділігі төмен туристерді қабылдау тұрғысындағы әзірлік және хабардарлық деӊгейініӊ төмендігінен болып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша көӊіл бөлу және Қазақстанды олар үшін кедергісіз аймаққа айналдыру міндеттерін қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны