26.01.2016, 12:43 4146

Алматы әкімдігі жеӊілдікті жол жүруді қамтамасыз ету үшін 2 млрд теӊге бөледі

Алматы әкімдігі жеӊілдікті және тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 2 млрд теӊге бөледі, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі жеӊілдікті және тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 2 млрд теӊге бөледі, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жол жүру билеттеріне жеӊілдіктер мектеп жасындағы балаларға, зейнеткерлерге және көп балалы аналарға қатысты әрекет етеді (...) Осы мақсаттарға біз 2 млрд теӊге бөлеміз", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, әкім айтып өткендей, Алматыда 7 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, оқушыларға арналған жеӊілдікті жол жүру билеті шамамен 1 мыӊ теӊге, ал зейнеткерлер үшін - 2 мыӊ теӊге тұрады.

"Бұл санатта көп балалы аналар болған жоқ, енді оларға 50% жеӊілдік беріледі, ол жергілікті бюджеттен субидияланады, көп балалы аналар үшін жеӊілдікті жол жүру билеті 2 мыӊ теӊге, ал студенттер үшін 3 мыӊ теӊге тұратын болады", - деді ол.

Икімніӊ айтуынша, мүгедектерге тегін жол жүру қамтамасыз етіледі.

"Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен оларға теӊестірілген адамдар қалада тегін жүреді", - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, әкім халықтыӊ сұранысы артуына байланысты жаӊа метро вагондары сатып алынатынын айтты.

"Бізде көліктер көп, метро сағатына 30 мыӊнан астам адамды тасымалдайды. Метро өте әдемі және ыӊғайлы. Бұған дейін метрода жүру құны 80 теӊге болатын, ендігі күні "Оӊай" жүйесін еӊгізгеннен кейін жеӊілдік берілген адамдарға жол жүру 50 пайызға төмендеді. Сол себепті алматылықтар бұл көлік түрімен қуана-қуана жүреді", - деп атап өтті әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны