07.04.2015, 16:46 4084

Алматы әкімдігіне заӊсыз басып кірген азамат 5 жылға сотталды

Алматы қаласы Бостандық ауданыныӊ №2 сотында ҚР ҚК 273-бабы (Лаӊкестік актісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша Евгений Рычковқа қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Бостандық ауданыныӊ №2 сотында ҚР ҚК 273-бабы (Лаӊкестік актісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша Евгений Рычковқа қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

"Жазалау үкімін шығарар алдында сот бұған дейін Алматы облысыныӊ Іле аудандық сотыныӊ Рычковқа қатысты 2014 жылдыӊ 21 қаӊтарында шығарған сот үкімін ескерді. Онда айыпталушы ҚР 1997 жылғы ҚК 175-бабы (3-ші тармақтыӊ "б" пункті), 24-бабыныӊ 3-ші тармағы және 175-бабыныӊ 3-ші тармағыныӊ "б" пункті бойынша шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Бұл жерде ҚК 63-бабына сәйкес, сынақ мерзімі 3 жылды құраған" делінген мәлімдемеде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚР ҚК 60-бабыныӊ 1,4 тармағын қолдана отырып, сот осы жартылай өтелмеген жазаны қосып, Е.Рычковты бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол енді жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.

Үкім әлі заӊды күшіне енген жоқ.

Айта кетелік, 2015 жылдыӊ 13 қаӊтарында күндіз 11 сағат 25 минутта Рычков ішіне жарылғыш затқа ұқсас зат салынған сөмкемен қала әкімдігініӊ ішіне кіреді. Сөйтіп азаматтарды қабылдайтын бөлмеге еніп, ішінен жауып алады. Кейін күзетшіге ғимараттан адамдардыӊ тез арада сыртқа шығарылуы керектігін, қолында жарылғыш зат бар екендігін, сондықтан басшылықтыӊ келіссөзге дайындалуы керектігін ескертеді.

Алайда келіссөздердіӊ арқасында 13 сағат 35 минутта Е.Рычков өз еркімен бөлмеден шығады. Полиция қызметкерлері оны тұтқындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны