04.04.2008, 17:40 3483

Алматы әкімі болып Ахметжан Есімов тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы қалалық әкімшілігінің атқамінерлеріне қаланың жаңа басшысын таныстырды. Мәслихаттың шешіміне сәйкес, Алматы әкіміне Ахметжан Есімов тағайындалды. Ахметжан Есімов бұған дейін ауылшаруашылығы министрі болған. Ахметжан Есімов 1950 жылы туған, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған.

Алматы. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы қалалық әкімшілігінің атқамінерлеріне қаланың жаңа басшысын таныстырды.

Мәслихаттың шешіміне сәйкес, Алматы әкіміне Ахметжан Есімов тағайындалды.

Ахметжан Есімов бұған дейін ауылшаруашылығы министрі болған.

Ахметжан Есімов 1950 жылы туған, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының докторы. Кеңшар инженері, директоры болып, партия және кеңес органдарында жұмыс істеген.

Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, республика Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.

Бірнеше жыл бойы шетелде төтенше және өкілетті елші лауазымында Қазақстанның мүдделерін білдірді. 2001 жылғы мамырдан бастап республика Ауыл шаруашылығы министрі, ал 2002 жылғы мамырдан бері - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Ауылшаруашылығы министрі.

2004 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны