25.10.2012, 11:46 3090

Алматы әкімі екінші мунииципалды автобус паркін құруды жеделдетуді тапсырды

Алматыда биылғы жылдың 9 айы ішінде қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары және қала бюджетінің 2012 жылдың қаңтар- қыркүйек айларындағы орындалуы туралы мәселе қараған жиын болып өтті.

Алматы. 25-қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ахметжан Есімов екінші мунииципалды автобус паркін құруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда биылғы жылдың 9 айы ішінде қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары және қала бюджетінің 2012 жылдың қаңтар- қыркүйек айларындағы орындалуы туралы мәселе қараған жиын болып өтті.

Сапалы дамуды қажет ететін сала - жолаушылар көлігі. Оны дамытудың бір жолы - мунииципалды автобус паркі. Жиын юарысында Ахметжан Есімов осындай екінші пакрті құруды тездетіп қолға алуды, жыл аяғына дейін жаңа 100 троллейбус әкелуді тапсырды.

"Ирине, қалаплықтарға 6 жол айрығының, ұзындығы 20 км. болатын жылу трассасының салынуы қолайсыздық туғызуда. Бірақ, бұған алматылықтар түсіністікпен қарауы тиіс, өйткені оның барлығы көпшілік үшін жасалуда. Қазір жол айрықтарының құрылыстары биік қарқынмен жүріп жатыр,оларды мерзімінен бұрын бітіруге күш салудамыз",- деп атап өтті әкім жиын барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны