16.03.2015, 23:35 3984

Алматы әкімі метроныӊ "Мәскеу" және "Сайран" жаӊа бекеттерінде тексеру жүргізді

Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитенніӊ "Мәскеу" және "Сайран" атты екі жаӊа бекеттеріне инспектрлік тексеру жүргізіп, оларды пайдалануға беру дайындығыныӊ жоғары деӊгейде екендігін атап өтті

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитенніӊ "Мәскеу" және "Сайран" атты екі жаӊа бекеттеріне инспектрлік тексеру жүргізіп, оларды пайдалануға беру дайындығыныӊ жоғары деӊгейде екендігін атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі кезде бұларда барлық тестілік тексерулер мен өзге де сараптамалық жұмыстар аяқталып қалды, қызметкерлер штаты анықталды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мегаполис басшысы жолаушылардыӊ қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаӊа бекеттердіӊ барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды.Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарыныӊ нәтижесін бақылау қажет екендігін айтты.

"Мәскеу" және "Сайран" бекеттерініӊ беріктігі ойдағыдай. Метро - спецификалық көлік,сондықтан мұнда бірінші кезекте жолаушылардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жөн", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы, жаӊадан салынған "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері іске қосылса, мамандардыӊ болжамы бойынша жолаушылар қатары екі есеге артатынын жеткізді. Пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан заманауи және экологиялық қауіпсіз көлік қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ көӊілінен шығып, еш үзіліссіз қызмет көрсетуде. Мысалы,егер алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мыӊ адам пайдаланса, қазір олардыӊ саны 24 мыӊға жетіп отыр. Өткен жылдыӊ аяғында тасымалданған жолаушылар саны 20 млн. адам болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны