14.09.2012, 17:06 3390

Алматы әкімшілігі Мохнаттағы өрт салдарын жобға байланысты қоғамдық акция өткізбек

"Келесі аптада біз "Мохнатка" тауымен байланысты үлкен акция өткіземіз, оған әрбір алматылық қатыса алады. Алматылықтардың сүйікті тауы, сүйікті орны қазір шұғыл көмекке зәру", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімшілігі "Мохнатка" тауын қалпына келтіру жұмыстарына қаржы жинау үшін қоғамдық акция өткізу жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

"Келесі аптада біз "Мохнатка" тауымен байланысты үлкен акция өткіземіз, оған әрбір алматылық қатыса алады. Алматылықтардың сүйікті тауы, сүйікті орны қазір шұғыл көмекке зәру", - деді Ахметжан Есімов.

Тау Алматы облысының аумағында орын тепкен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігі бюджетінен қалпына келтіру жұмыстарына қаржы бөлу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қаржы "Жаңа Алатау" қорынан бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны