20.06.2013, 14:57 3122

Алматы әскери сотында "қорғас ісі" бойынша сот басталды

Істі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы Советхан Сәкенов қарастырады, деп сот залынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі мәлімдеді.

Алматы. 20-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында "қорғас ісі" бойынша бас сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сот отырысы алқа билердің қатысуынсыз өтуде.

Істі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы Советхан Сәкенов қарастырады, деп сот залынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі мәлімдеді.

Іс бойынша айыпкер ретінде 45 адам қатысады, оның 42-сі қамауда, үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Қосымша судья ретінде Асқар Қайыров тағайындалған. Мемлекеттік айыптау тарапынан қатысатын прокурорлар: Александр Кирияк, Сәкен Ермекбаев, Айнұр Жүсіпова, әскери прокурор Мәди Ибдірахманов. Іс бойынша зардап шеккендер: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, кедендік бақылау департаменті және жеке тұлға Ықылас Тоқтахунов.

Сот процесінің қауіпсіздігін әскери бөлімшелер, полиция, арнайы бөлімше қызметкерлері қадағалауда.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылы мамыр айында қазақстандық кеденде ірі жемқорлық дау-дамай туындады. Қаржы полициясы ұйымдастқан қылмыстық топ пен контрабандамен айналысқан құқық қорғау органының лауазымды тұлғаларының қызметін тойтарды.

Осы арнайы шара аясында Ақмола облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитет департаменті басшысының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев және Қорғас кеден бекетінің басшысы Айдаров, кейіннен Қырғызстаннан Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бұрын басшысы болған Құрманбек Артықбаев ұсталды. Маусымның басында Біріккен Араб Имірліктерінен ұйымдасқан қылмыстық топ лидерлері Бақыт Отарбаев пен Талғат Қайырбаев ұсталды.

Мұнымен қоса, үкімет Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозовты қызметінен босатты.

Қаржы полициясы қозғаған "Қорғас ісін" арнайы прокурордың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы тексерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны