16.06.2010, 10:10 3464

Алматы аудандарының бірінде экологиялық патруль құрылмақ

Алматы аудандарының бірінде экологиялық патруль құрылмақ

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Бостандық ауданында қоғамдық-экологиялық патруль құрылмақ. Бұл туралы кеше "Тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық проблемелары" атты социологиялық зерттеу нәтижесінің презентации барысында экологиялық патруль штабының бастығы Рашид Супуғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Рашид Супуғалиевтің айтуынша, қоғамдық-экологиялық патруль ПИК төрағалары мен тұрғындарға көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін құрылмақ. Экопатрульдің құрамына Бостандық ауданының әкімшілік аппаратының, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының өкілдері мен полицияның көмекші студенттер отряды кіреді.

Оның айтуынша, қоғамдық экопатруль жұмысының мақсаты тек жасыл желектерді қорғау ғана емес, сонымен қатар Бостандық ауданы аумағындағы қоғамдық тәтріп пен тазалықты қамтамасыз ету болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жасыл желектерді аяусыз жұлып тастауда, бірақ тәртіп бұзушыларға тек әкімшілік шаралар ғана қолданылады.

Сонымен қатар, қаладағы жолдарды кеңейту бағдарламасы аясында көпжылдық ағаштарды да аяусыз кесуде. "Жасыл желектерді құтқару" экологиялық қоғамының қызметкері Светлана Спатарьдың "Время" газетіне хабарлауындай, қазір Сейфуллин даңғылындағы ағаштарды шетінен қиратып жатыр.

Аталмыш газеттің ақпараттарына сүйенсек, "Жасыл желектерді құтқару" мекемесінің бастығы Сергей Куратов Алматы қаласының табиғи ресурстар басқармасына Сейфуллин даңғылын кеңейту жобасы мемлекеттік экологиялық сараптамадан және қоғамдық тыңдаудан өткен өтпегендігін білу мақсатында өтініш жолдаған. Эгология мекемесі әзірге жауап берген жоқ.

Сонымен қатар тапсырыс бойынша ағаштарды жойып жатқан Алматы қаласы жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасындағылар мұндай шараға амалсыздықтан барып отырғандықтарын айтып бағуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны