17.02.2012, 10:11 3265

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстер кешіктірілуде

Алматы әуежайында ауа-райының қолайсыздығына, қою тұманның түсуіне байланысты "Эйр-Астана" компаниясы бүгін кейбір рейстердің кешіктірілуі немесе тоқтатылуы мүмкін екендігін хабарлаған.

Алматы. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстер кешіктірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы әуежайында ауа-райының қолайсыздығына, қою тұманның түсуіне байланысты "Эйр-Астана" компаниясы бүгін кейбір рейстердің кешіктірілуі немесе тоқтатылуы мүмкін екендігін хабарлаған.

"Назар аударыңыздар, Алматы қаласы әуежайындағы (ALA) тұман салдарынан "Эйр Астана" әуекомпаниясының кейбір рейстері кешіктірілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Қазіргі уақытта жолаушыларға келтірілген жайсыздықты төмендетіп, рейстердің ұшуын жалғастыру бойынша барлық шаралар қолданылып жатыр", - деп көрсетілген әуекомпания сайтында жарияланған хабарламада.

"Эйр-Астана" сонымен қатар өз клиенттерінен Twitter-дегі жеке парақшасы арқылы да кешірім сұрауда.

"Таңертең Алматы әуежайында жолдың көріну деңгейі 50 м-ден төмендеп кетті, бұндай жағдайда тіпті 3B санаты бойынша ұшақ қондыру қауіпті. Қазір жағдай біршама жақсарды", - деп хабарлады тасымалдаушы өзінің шағын блогында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны