03.07.2008, 18:26 2864

Алматы - Чолпон ата тас жолының құрылысы 70 пайызға іске асырылған

Алматы - Чолпон ата тас жолының құрылысы 70 пайызға іске асырылған

Бішкек. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Чолпон ата тас жолының Қазақстан аумағындағы құрылысы 70 пайызға іске асырылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бақыт Оспанов мәлімдеді.

"Бастабында тас жолдың бірнеше бағыты жобаланды. Соңында жолды Алматы облысының Қарасай ауданы арқылы және одан әрі Қырғызстанның Боом шатқалы арқылы салу жөнінде шешім қабылданды", - деп хабарлады Б. Оспанов.

Елшінің айтуынша, жол Қазақстан аумағында көршілес мемлекетке дейін іс жүзінде дайын болған. "Нарықтық экономика жағдайында жол ақылы болады", - деп атап көрсетті Б. Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны