15.06.2015, 11:13 3646

Алматы гарнизоныныӊ әскери қызметшілері салтанатты түрде Жеӊіс Туын қабылдады

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Алматы гарнизоныныӊ әскери қызметшілеріне 1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен оныӊ жауынгерлік қаруласы Григорий Булатов тіккен Жеӊіс туыныӊ көшірмесі салнатты түрде табыс етілді

Алматы. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Алматы гарнизоныныӊ әскери қызметшілеріне 1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен оныӊ жауынгерлік қаруласы Григорий Булатов тіккен Жеӊіс туыныӊ көшірмесі салнатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Генералдар кеӊесі" республикалық қоғамдық бірлестік Президиумыныӊ төрағасы генерал-майор Рүстем Қайдаров әскери рәсімді сақтай отырып, Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ бастығы генерал-майор Дәулет Оспановқа Жеӊіс туын табыстады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Жеӊіс туыныӊ көшірмесін қабылдау біз үшін үлкен абырой және құрмет. Біз бұл туды көздіӊ қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыс ететін боламыз", - деді өз сөзінде Дәулет Оспанов.

Туды табыс ету рәсімі Алматы гарнизоны әскери бөлімдерініӊ әскери қызметшілері, әскери оқу орындарыныӊ курсанттары, ҚР ҚК ардагерлері мен қала тұрғындарыныӊ қатысуымен өтті. Салтанатты іс-шарадан кейін әскери қызметшілер мәӊгі алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер рухына бір минут үнсіз тұрып тағзым етті.

Жеӊіс туыныӊ түпнұсқасы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерініӊ Орталық мұражайында сақтаулы тұрғанын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны