29.06.2015, 15:27 3964

Алматы ІІД қызметкерлері спорт клубында орын алған жаппай төбелестіӊ мән-жайларын анықтауға кірісті

Алматы полициясы спорт клубында орын алған оқиғаныӊ мән-жайларын анықтау үстінде, деп хабарлайды қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Алматы. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы полициясы спорт клубында орын алған оқиғаныӊ мән-жайларын анықтау үстінде, деп хабарлайды қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері өткен түнде ғаламторда жарияланған бейнежазбаны жан-жақты талдады. Аталған факті сот алдындағы тергеудіӊ бірыӊғай тізіліміне ҚР ҚК-ніӊ 293 бабыныӊ 2 бөлімімен (бұзақылық) енгізілген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бостандық ІІБ-ныӊ қызметкерлері болған оқиғаныӊ нақты жағдайларын анықтауға кірісті.

Бұған дейін ғаламторда спортшылардыӊ қалыпты спаррингініӊ жаппай төбелеске айналып кеткені туралы видео жарияланған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны