21.10.2009, 17:27 4600

Алматы қалалық білім басқармасының бас маманының пайымдауынша, балабақшалардағы орын тапшылығына туу көрсеткішінің өсімі себеп болуда - газет

Алматы қалалық білім басқармасының бас маманының пайымдауынша, балабақшалардағы орын тапшылығына туу көрсеткішінің өсімі себеп болуда - газет

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қалалық мектепке дейінгі білім беру басқармасының бас маманы Людмила Сейілованың пайымдауынша, балабақшалардағы орын тапшылығына туу көрсеткішінің өсімі себеп болуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Литер" газетіндегі сұхбатқа сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні Алматыда 163 балабақша жұмыс істейді, бірақ бос орын тапшылығы әлі де сақталып отыр. Оқу жылының аяғында 24 мың бала балабақша кезегінде тұрған. Балабақшалардағы орын тапшылығына туу көрсеткішінің өсімі мен халықтың материалдық, әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруы себеп болуда. Мәселен, 2003 жылы 11 мың бала туған болса, 2008 жылы - 29 мың бала туды", - деді Л. Сейілова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны