04.02.2016, 13:11 2868

Алматы қаласы әкімдігінде азаматтардыӊ жолданымдарына жедел жауап етудіӊ электрондық жүйесін енгізу туралы

Алматы әкімдігі азаматтардыӊ жолданымдары мен өтініштеріне жедел жауап ету үшін арнайы әзірленген "Электрондық жолданымдар жүйесін" (ЭЖЖ) қолдануды бастады

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі азаматтардыӊ жолданымдары мен өтініштеріне жедел жауап ету үшін арнайы әзірленген "Электрондық жолданымдар жүйесін" (ЭЖЖ) қолдануды бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"109" Бірыӊғай кезекті-диспетчерлік қызметініӊ электрондық деректер базаларымен біріктірілген жаӊа бағдарламалық қамтамасыз ету қала қызметтері жұмысыныӊ коммуникативтік, уақыттық, бақылау-ұйымдастыру және өзге де бағыттарыныӊ бір қатар міндеттерін кешенді шешуге мүмкіндік береді.

ЭЖЖ қолданысқа кіруімен жергілікті атқарушы органдардыӊ меншік интернет-қорлары, сондай-ақ әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) немесе "109" Қызметі операторлары арқылы тұрғындардан түсетін хабарламалардыӊ еш біреуі де назарсыз қалмайды. Қаланыӊ бейінді қызметтерініӊ мамандары әр бір жолданымға міндетті түрде тұжырымды жауап береді, мәселеніӊ көзі кідіртпей жойыла алмайтын болып тұрса да, мысалы, бюджеттік қаражат бөлу қажет немесе оны шешуге ұзақ уақыт керек болғанда.

Қала қызметтерініӊ тұрғындармен бірыӊғай жұмыс алгоритмін іске қосуға бейімделген, өз кезегімен жолданымдар бойынша шешімдер қабылдау уақытын қысқартатын ЭЖЖ өз сегментінде қала әкімдігініӊ 25 басқармасы мен 8 аудандық әкімдіктерді бақылайды.

Жаӊа жүйені іске қосу мезетіне, диспетчерлердіӊ тұрғындармен тиімді өзара әрекеттесуі үшін IP-телефониясымен жабдықталған БКДҚ залы жаӊғыртылған, ол жерден бүгінді таӊда 5 коммуналдық ұйымға, соныӊ ішінде "Алматы жылу желілері", "Алматыэнергосбыт", "Холдинг Алматы су", "Қазтрансгаз Алматы" және "Алматы тазалық", жедел ақпарат жіберіледі.

Статистикалық деректерге сәйкес, "109" Қызметініӊ диспетчерлері тәулікте 300-500 қоӊыраулар өӊдеп, Алматы қаласы аумағында кез келген жағдайларда тұрғындармен және ұйымдармен тоқтаусыз байланыс қамтамасыз етеді.

Кешенді түрде бұл мегаполисте туындайтын, әсіресе коммуналдық сипаттағы штаттан тыс жағдайларға жедел жауап ету ғана емес, сонымен қатар жұмысын жетілдіру мен инновациялық әдістерді енгізу үшін қала қызметтеріне мониторинг жасау мімкіндігін береді.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны