09.04.2008, 10:24 1549

Алматы қаласы әкімдігінің атынан күшпен көшіру бойынша шығарылған барлық шешімдерді тексеруден өткізу қажет - адвокат

Алматы қаласы әкімдігінің атынан күшпен көшіру бойынша шығарылған барлық шешімдерді тексеруден өткізу қажет - адвокат

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы әкімдігінің атынан күшпен көшіру бойынша шығарылған барлық шешімдерді тексеруден өткізу қажет. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында қорғаушы Сергей Уткин хабарлады.

"Барлық шешімдерді, барлық әкімдік отырыстарын, барлық арыз-шағымдарды, яғни, талапты сотқа беру туралы шешімдерді тексерістен өткізуді талап ету және бұл шешімдерді кімнің қабылдағанын анықтау қажет", - деді С. Уткин.

Оның айтуынша, Жер кодексіне сәйкес, талап арызды сотқа беру құқы әкімдікке берілген. "Икімдік дегеніміз мемлекеттік алқалық орган. Онда жиырмадан астам адам болады. Міне, осы орган талапты сотқа беру шешімін қабылдау үшін бұны қалайда талқылап барып қана қабылдайды. Процедура бар, әкімдіктің уақыт тәртібі бар дегендей. Үлгілік уақыт тәртібі, яғни, регламент үкімет қаулысымен бекітілген. Онда әкімдіктің барлық шешімдері отырыста алқалы түрде дауыс беру жолымен және көп дауыс жинаған жағдайда қабылданады. Ол отырыста міндетті түрде хаттама толтырылады, міндетті түрде стенограмма немесе дыбыс жазбасы жазылады деп көрсетілген", - деп түсіндірді қорғаушы.

"Егер бұл қаулыларға зер сала қарайтын болсақ (ал олардың саны жүздеген), қаншама күшпен тартып алулар болды. Бүгінгі таңда онда хаттама да, стенограмма да, аудио жазба да табылмайтынына сенімдімін. Егер оларды өзгертіп, қолдан жасайтын болса, осы жиырмадан астам адамның жүректері лүпілдеп кетері сөзсіз. Біріншіден, оны жазған қаламның сиясы, оны түзеткен зат құрамы бойынша оның қашан жасалғанын, жақында ма, әлде, осыдан бір жыл бұрын ба, оп-оңай анықтауға болады. Осы шешімдер негізінен осыдан 1 - 1,5 жыл бұрын қабылданған. Екіншіден, олар: "Біз мұны не істей аламыз? Тасмағамбетов Астанада, ал біз мұндамыз" - деуі мүмкін. Сондықтан, онда кіретін жағдай туа қалса, онда барлығы су бетіне қалқып шығады", - деп есептейді С. Уткин.

Оның айтуынша, егер талапты ұсыну процесіне тексеру жасайтын болса, бұдан да көп заң бұзушылықтар анықталады. Тартып алғаннан кейін адамға жер, үй, пәтер немесе ақша ұсынған. Қалалықтар өтемақы көлемінің еш тең келмейтініне үнемі шағымданып жүрді. Жер кодексінде былай деп жазылған: "Егер азамат өтемақыға келіспесе, онда тек әкімдікте, яғни атқару органында ғана сотқа беру құқы бар".

"Икімдік мүшелері әрбір жағдайды терең зерттеулері қажет. Олар ақпаратты толығымен алып, азаматтарға өтемақының қандай шарты, қандай пәтерлер, жер телімдері ұсынылды, осының бәрін қарастырулары керек. Және де алқалық мемлекеттік органның салиқалы басшылары ретінде әділеттілік, ақылға сиымдылық тұрғысынан алып қарап, өтемақы шын мәнінде соған тұра ма дегенді қараулары тиіс. Айтайын дегенім, онда осының бірі де жасалмайды. Өйткені, әкімдік сотқа беру туралы шешім шығармайды. Оны шығаратын қызметкер, жалғыз қызметкер - "Алматыжер". Ол сотқа шағым түсіру арызына қол қояды. Бір қызығы, Жер кодексінде атқарушы орган азаматпен келісе алмаған жағдайда сотқа беруге құқылы деп жазылған", - деді С. Уткин.

Қорғаушының айтуынша, бұл шешімдерді қабылдайтын "Алматыжер" басшысы немесе оның орынбасары әкімдіктен емес, тікелей әкімнен алған сенім хаты негізінде жұмыс істеген. Ал бұл заңды өрескел бұзу болып табылады.

"Заңда егер осы шешімді әкімдік қабылдауы керек деп жазылса, бұл ол шешімді біреудің сеніміне тапсыра алмайды деген сөз. Тасмағамбетов бұл шешімдердің барлығын өзі ғана қабылдаған. Бұл да заң бұзу болып табылады. Себебі, дауыс беру кезінде әкімнің бір ғана дауысы бар. Бұл жерде ол барлығының атынан қол қойған", - деп сөзін қорытты агенттік қонағы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны