12.08.2008, 18:39 3028

Алматы қаласында оқу жылының басталуына орайластырылған дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде

Алматы қаласында оқу жылының басталуына орайластырылған дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында оқу жылының басталуына орайластырылған дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 1 тамыз айынан 20 қыркүйек айына дейін өтетін жәрмеңкеде отандық өндірушілердің өндірген мектеп киімі мен керек-жарақтары сатылады.

Мектеп жәрмеңкелері Алатау ауданында "Шаңырақ-1" ықшамауданы № 169 мектептің аумағында, "Шаңырақ-2" ықшамауданы № 26 мектептің аумағында өтеді.

Ал Алмалы ауданында Төле би көшесі Тұрғыт Өзал көшесінің қиылысында "Тастақ" базарының аумағында; Жібек Жолы көшесі Абылай хан даңғылының қиылысы "Заңғар" Сауда үйінің жанында өтеді.

Иуезов ауданында Алтынсарин даңғылы "Сары Арқа" базарының аумағында;

Бостандық ауданында "Орбита-3" ықшамауданы № 145 мектептің аумағында; Тимирязев көшесі, 42, "Атакент" Көрме орталығының аумағында өтеді.

Жетісу ауданы бойынша Сейфуллин және Райымбек даңғылдарының қиылысында "АБДИ" сауда орталығының аумағында; Медеу ауданында Жібек Жолы көшесіндегі "Алма" сауда орталығының аумағында, Түріксіб ауданында Сейфуллин даңғылындағы "Балалар өнері үйінің" маңында өтеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны