28.08.2018, 00:20 9615

Алматы қаласында зейнеткерлерге күндізгі қызмет көрсету орталығы ашылды

Жеӊіл дәрежелі когнитивтік бұзылыстары бар қарттарға, зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға жаттығу мен қалпына келтіруге арналған күндізгі қызмет орталығында әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еӊбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық басқа да қызметтер түрі ұсынылады.

Алматы. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Түрксіб ауданында "Белсенді ұзақ өмір" - "Активное долголетие" қалалық бағдарламасыныӊ жол картасын іске асыру аясында зейнет жасындағы адамдардыӊ күндізгі уақытта орналасуына арналған орталық ашылды.

Жеӊіл дәрежелі когнитивтік бұзылыстары бар қарттарға, зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға жаттығу мен қалпына келтіруге арналған күндізгі қызмет орталығында әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еӊбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық басқа да қызметтер түрі ұсынылады.

Алматыда тұратын қарттардыӊ саны 221,7 мыӊ адамды құрайды, олардыӊ арасында әйелдер - 158,1 мыӊ, ер азаматтар - 63,6 мыӊ. Ал 75 жастан асқан зейнеткерлер саны - 57,4 мыӊ адамды құрайды.

Осындай ахуалда "белсенді ұзақ жас" фазасыныӊ ұзақтығын арттыруға және қарт адамдардыӊ қоғамдық өмірде атқаратын рөлін арттыру жұмыстарыныӊ маӊызы арта түсіп отыр.

Қарт адамдар мен мүгедектердіӊ мәселелеріне арналған зерттеулерге бюджеттен 30 млн теӊге бөлінген, оныӊ шеӊберінде аталған жобаға жарты жыл мерзімге 26 млн теӊге қарастырылған. Бір адамныӊ орталықта болу құны күніне 3200 теӊгені құрайды.

Алматы қаласында "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" қоғамдық қоры зейнеткерлер мен қарт адамдардыӊ өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда.


Айта кетейік, аталған қор 2017 жылы 12 мамырда 2002 жылғы қартаю проблемасы жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарына және Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік әлеуметтік саясатына сәйкес құрылған. Қазіргі уақытта "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығыныӊ базасында 1757 адам тіркелді, олар кез келген уақытта бас қосып, пікір алмасып, заӊгер, психолог, дәрігерлерден өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады. Орталықта ақсақалдар клубы, компьютерлік сынып, дене шынықтыру бөлмелері бар. Қор қызметкерлері зейнеткерлер мен қарттарға, бақытты және толыққанды өмір сүруге жағдай жасау үшін, атап айтқанда, тұрғын үй, көмек көрсету, күтім жасау сияқты мәселелерді тиімді шешудіӊ барлық мүмкіндіктерін қарастырады.


2017-2020 жылдарға арналған "Белсенді ұзақ өмір" бағдарламасы зейнеткерлерге қаладағы қоғамдық өмірге белсене араласушыға айналуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады: қарт адамдардыӊ бос уақытын қалай өткізуді ұйымдастыру, спорт секцияларына қолжетімділікті қамтамасыз ету, қажетті медициналық ақыл-кеӊестер беру, компьютерлік сауаттылығын арттыру, тіл дәрістері және т.б. Қазір қалада түрлі бағыттарда 55 әлеуметтік орталық жұмыс істеуде, дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мейіржан Отыншиев.

Нақты айтқанда, жыл басынан бері зейнеткерлерге тегін тіл курстары, қаланыӊ көрікті орындарына саяхат, таӊғы қара жорға биі мен фитнес жаттығу сынды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Толығырақ ақпарат алу үшін қаладағы ХҚО-ына, "Белсенді ұзақ өмір" орталығына, Желтоқсан даӊғылы 29 үй (М. Маметова көшесініӊ қиылысы) мекенжайы бойынша немесе 1308 нөмірімен callcenter арқылы хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны