30.07.2015, 14:34 3383

Алматы қаласындағы селдіӊ салдарын жою жұмыстары және Алматы облысында селдіӊ алдын алу іс-шаралары жалғасуда

Сел ағынынан зардап шеккен Алматы қаласыныӊ аудандарында 3008 адам мен 394 бірлік техника авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Алматы. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Сел ағынынан зардап шеккен Алматы қаласыныӊ аудандарында 3008 адам мен 394 бірлік техника авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлер мен №187, 188, 192 жалпы білім беретін мектептер, сондай-ақ көшелер мен жолдар селмен келген батпақ пен тастан тазартылуда. Лай мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қала сыртына шығару ұйымдастырылды. Қарғалы бөгетініӊ темір торларын және өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4,2 шақырым өзен арнасы тазаланды. Құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 332 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды.

Энергетикалық қызметтер зақымданған 10 бағананы қалпына келтіріп, электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ГАЗ қызметі Қарағайлы елді мекеніндегі Алмалы көшесін, "Жайлау", "Геолог" және "Ардагер" бау-бақша қауымдастықтарын көгілдір отын көзіне қосу жұмыстарын атқаруда.

Сумен қамту қызметтері су құбырларын қалпына келтіру арқылы бөгеттіӊ жоғары жағындағы суды ағызып жіберу жұмыстарын жүргізді.

№176 мектеп-гимазия ғимаратында медициналық көмек көрсету бекеті ұйымдастырылды.

5 стационарлық және жылжымалы тамақтандыру пункттері қызмет көрсетуде.

Байланыс және құлақтандыру қызметі 42 кабельді люктерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Алатау және Иуезов аудандарында да үйлерді, көшелер мен жолдарды лай мен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тазаланған аумақтардан тиісінше 25 455 және 2690 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды.

Жалпы зардап шеккен аудандардан қала сыртына 111 477 текше метр лай мен қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған.

Алғабас елді мекенініӊ Қали Надыров, Ақпаев, Жандосов, Қажымұқан, Асылжанов, Достық, Ақсай және Домалақ-ана көшелеріндегі тұрғын үйлер мен аулаларды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысыныӊ Ақсай тау шатқалында "Қазселденқорғау" ММ мен ҚР Ұлттық Ұланыныӊ Азаматтық қорғаныс полкі Оӊ Ақсай мұздақ көліндегі эвакуациялық арналарын тазалау және тереӊдету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Судыӊ деӊгейін төмендету мақсатында №8 және №8а көлдерін босату жұмыстары атқарылуда.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны