24.01.2007, 13:15 3250

Алматы қаласының әкімдігінде кейбір ауыс-түйістер болды

АЛМАТЫ. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы қаласының әкімдігінде кейбір ауыс-түйістер болды, деп агенттік қала әкімдігінің ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың 2007 жылдың 22 қаңтарындағы шешімі бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған Қожахан Жабағиев Алматы әкімі аппараты істерінің басшысы қызметіндегі Жұмасұлтан Көпжановтың орнына тағайындалды. Өз кезегінде жер қатынастары басқармасының басшысы болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Алматы әкімінің тағы бір шешімі бойынша Қыдырәлі Болманов өз өтініші бойынша мәдениет департаменті директорының қызметінен босатылды. Мәдениет департаментінің директоры лауазымына байқау жарияланғанша, оның қызметін бұрын "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы" ЖАҚ басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының директоры болған Нұрлан Өнербай атқарады.

Сонымен қатар, 2007 жылдың 9 қаңтарындағы И.Тасмағамбетовтың шешімімен Түркісіб ауданының әкімі болып әділет министрлігінің Алматы қалалық әділет департаментін басқарған Махамбет Бейдәлі тағайындалды.

Өз кезегінде, әділет министрлігінің бұйрығымен Алматы қалалық әділет департаменті басшысының қызметін атқарушы етіп Астана қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған Нұржан Егінбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, 2006 жылдың 3 қарашасынан бастап қалалық тұрғын үй департаменті директорының қызметін уақытша осы ведомство басшысының бірінші орынбасары Бахытжан Доспанов атқарып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны