09.04.2008, 19:54 3156

Алматы қаласының әкімі қорғаудағы табиғи аймақтардағы заңсыз құрылыстармен күрес ісін аяғына дейін жеткізуі мүмкін - саясаттанушы

Алматы қаласының әкімі қорғаудағы табиғи аймақтардағы заңсыз құрылыстармен күрес ісін аяғына дейін жеткізуі мүмкін - саясаттанушы

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қорғаудағы табиғи аймақтардағы заңсыз құрылыстармен күрес ісін аяғына дейін жеткізуі мүмкін. Бұл туралы "Литер" газетіне берген сұхбатында саясаттанушы Олег Сидоров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен қаланың жаңа басшысы қорғаудағы табиғи аймақтардағы заңсыз құрылыстармен күрес ісін аяғына дейін жеткізуге қабілетті екендігін жоққа шығармаймын. Өйткені, әзірге, әкімнің қаланың бизнес-элитасы алдында ешқандай міндеттемесі жоқ", - деді О. Сидоров.

Газеттің хабарлауынша, саясаттанушы А. Есімовке оңтүстік астананың ескі де шешілмеген проблемалары қалды деп пайымдайды. Атап айтқанда, ретсіз ішкі миграция, қала сыйымдылығының толысқаны, метро құрылысы және жол инфрақұрылымы мәселелері.

"Метроның бірінші тармағы келер жылы іске қосылуы қажет. Сондықтан, егер И. Тасмағамбетовтың жоспарын А. Есімов жүзеге асырса бұл құрмет кімнің атына жазыларын тіпті де білмеймін. Қалай дегенмен, Алматыдағы проблемаларды бір адамның қысқа мерзімде шешуі мүмкін емес", - деп болжайды ол.

Сондай-ақ, газет ҚР президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының саяси-әлеуметтік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Антон Морозовтың пікірін келтірген. Ол жаңа әкім Алматы қаласының маңайынан қалаға көшіп келушілердің ішкі миграциясына көңіл аударуы керек деп есептейді.

"Егер қаланың жаңа әкімі қабылданған әрі жүзеге асырылып жатқан оңтүстік астананың стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау сабақтастығын сақтап қала алса, бұл мегаполистің өмір сүру қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік береді. А. Есімов үшін шағын өзендер бойындағы заңсыз жер телімдері мен жылжымайтын мүліктердің иелерімен талқылауды аяқтау оның қалалықтар алдындағы беделін артырады", - деп есептейді А. Морозов.

"Альтернатива"өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев А. Есімовты "әкімшілік-шаруашылық мәселелерді шешу жағынан мықты тәжірибесі бар табысты тұлға", деп атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны