06.10.2009, 17:15 3166

Алматы қаласының әкімі жанар- жағар майға қатысты жасанды дүрбелең туғызып отырғандарды анықтау жөнінде құқық қорғау органдарына тапсырма берді

Алматы қаласының әкімі жанар- жағар майға қатысты жасанды дүрбелең туғызып отырғандарды анықтау жөнінде құқық қорғау органдарына тапсырма берді

Алматы. 6 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі жанар- жағар майға қатысты жасанды дүрбелең туғызып отырғандарды анықтау жөнінде құқық қорғау органдарына тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қала активінің жұмыс кеңесінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ЖЖМ-ға қатысты қалыптасқан келеңсіз жағдайды сынады және жанар- жағар майға қатысты жасанды дүрбелең туғызып отырғандарды анықтап, осы жайсыз фактіге тікелей кінәлілерді табу жөнінде құқық қорғау органдарына тапсырма берді.

"Құқық қорғау органдарына қалыптасқан келеңсіз жайттың бүкіл жүйесін ашуды тапсырамын. Алыпсатарлықпен айналысатын май құюшыдан бастап, одан кейін тұрғандардың бәрін тексеріңдер. Бұл істің артында кімдер тұрғандығын анықтаңдар", - деп тапсырды Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны