16.01.2017, 11:59 3989

Алматы қаласыныӊ Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында адам қаза тапты

Сағат 9.52-де жедел жәрдем қызметі келді, бірақ Жарас Нуркибайұлын құтқарып қала алмады",- делінген мекеме таратқан хабарламада.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 2017 жылғы 16 қаӊтарда Алматы қаласыныӊ Алатау аудандық ХҚКО-сында 1964 жылы туған азамат Жарас Нуркибайұлы Кунтаков қаза болды, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жарас Нуркибайұлы сағат 09.30-да ХҚКО-ға әйелімен бірге "Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметіне жүгінген, ол кезде ХҚКО-да адам саны көп болмаған. Ийелі бланк толтырып болғанша, бірыӊғай электрондық кезек талонын алып үлгермеген азамат, сағат 09.42 -де өзін жайсыз сезінген, сол кезде ХҚКО-да кезекшілік атқарып отырған медицина қызметкері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Сағат 9.52-де жедел жәрдем қызметі келді, бірақ Жарас Нуркибайұлын құтқарып қала алмады",- делінген мекеме таратқан хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нуркибайұлыныӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтты.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы созылмалы аурулары бар азаматтарға қарбалас сәтте халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмеулерін сұрайды".

Баспасөз қызметі сондай-ақ, жүкті әйелдер мен мүгедектігі бар азаматтарға ХҚКО-ларды жеӊілдік терезелері жұмыс істейтінін және 1-2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар ХҚКО қызметкерлерін 1414 нөмірі арқылы үйіне шақыра алатындықтарын еске салады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны