23.01.2009, 18:20 4471

Алматы қаласының Алатау ауданында жаңа мектеп пен бала бақша ашылды

Алматы қаласының Алатау ауданында жаңа мектеп пен бала бақша ашылды

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алатау ауданында ашылған №152 орта метеп пен № 161 бала бақшаның ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа мектеп "Ұлжан" ықшамауданында "100 мектеп пен 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып отыр. Ол 1200 оқушыға арналған.

№ 161 бала бақша - Алматы қаласында 20 жылдан кейін салынып отырған нысан. Ол "Шаңырақ" мықшамауданында орналасқан, 120 орынды. Жалпы алаңы 1800 шаршы метр. Оқу- тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүретін болады. Мұнда балалардың 5 тобы тәрбиленеді. Асхана, музыка залы, медициналық кабинет, изолятор бар.

Икімнің айтуы бойынша осы бала бақшаны салуға республикалық бюджеттен 216 млн теңге бөлінген. Қалада тағы да 7 бала бақша салынуда, оның 3-і алғашқы тоқсанда ашылады, қалғандары 2009 жылдың аяғында пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны