28.03.2012, 15:16 3559

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы дәрілік препараттардан балалар көз жұмды деген сыбысты жоққа шығарады

"Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы дәрі- дәрмектің салдарынан қалада 3 және 12 жас аралығындағы 12 баланың қайтыс болғаны туралы Интернет арқылы тараған хабарды мүлдем жоққа шығарады", деп айтылған таратылған хабарламада.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы интернетте таратылған дәрі- дәрмектің салдарынан аллергиялық реакциядан балалар көз жұмды деген ақпараттарын жоққа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сәрсенбі күні Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы дәрі- дәрмектің салдарынан қалада 3 және 12 жас аралығындағы 12 баланың қайтыс болғаны туралы Интернет арқылы тараған хабарды мүлдем жоққа шығарады", деп айтылған таратылған хабарламада.

ҚР ДСМ "Сот медицина орталығы" РМҚК-ның Алматы филиалы да аталған ақпараттың жалған екендігін айтады.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы соңғы айлар ішінде дәрі- дәрмек салдарынан балалардың аллергиялық реакциямен қала стационарларында болмағандығын, тіпті мұндай оқиғалардың тіркелмегендігін хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны