22.01.2010, 19:22 3375

Алматы қаласының мәслихаты қала маңындағы аймақтың бас жоспарын бекітті

Алматы қаласының мәслихаты қала маңындағы аймақтың бас жоспарын бекітті

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының мәслихаты қала маңындағы аймақтың бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматы қаласының әкімдігінде IV- ші шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының XXV- ші сессиясы болып өтті, оның жұмысына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Мәжілістің қарауына IV- ші шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының XX І V- ші сессиясының "Алматы қаласының 2010-2012 ж. бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу, 2010 жылдың бюджеті, сонымен қатар Алматы қаласы маңындағы аймақтың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіту және басқа да мәселелер ұсынылды.

Алматы қаласы маңындағы аймақтың Бас жоспарын Қазақстан Үкіметінің тапсыруы бойынша "Урбо Стиль" жобалау-өкілетті фирмасы мердігерлік ұйымдармен бірге жасады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 950 млн. теңге бөлінді.

Жобада Алматы қаласының ықпал етуі арқасында қала маңындағы аймақтың дамуы, демалыс және туризм орындарын қалыптастыру, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын құру қарастарылған. Жоспар құрамына Алматы облысының 5 әкімшілік ауданы, Қапшағай қаласының қалалық әкімдігі, жалпы көлемі 17,5 мың шаршы.км. аймақ енген. Сонымен қатар, аталған жоспарда жалпы алаңы 31,4 мың га.болатын Алматы қаласының аумағы да бар.

Жобаны дайындау барысында қала маңындағы аймақтың ғылыми, әлеуметтік, көлік, экология, тарихи-мәдени мәселелері зерттелген. Геодезияға қатысты маңызды ғылыми- зерттеу жұмысы да жүргізілді.

Жоспарда қаланың экологиялық жағдайын одан әрі жақсарту, аймақты дұрыс белгілеу, құрылымдарды тиімді жоспарлау, экологияға зияны тиетін өнідіріс орындарын қайта жабдықтау, қала маңында өндіріс орындарын азайту, жасылдандыру, когалдандыру және басқа да мәселелер кеңінен қаралған.

Ахметжан Есімов жоспар үкіметте бекітіліп, ҚР президентімен келісілген соң ғана үкіметтік құжат болып табылатындығын, құрылыс салу мен сату үшін жер осы жоспарға сәйкес бөлінетіндігін атап өтті.

"Жоспар 2040 жылға дейін Алматы қаласы мен қала маңындағы аймақтың тұрғындарын ескере отырып жасалған. Салынатын трассалар мен жер учаскелері резервке алынуы тиіс. Ол Алматы қаласы үшін аса маңызды", - деді әкім.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында Алматы қаласының 2010 жылғы бюджеті бекітілді. Оның жалпы сомасы- 243 млрд. 685 млн. 859 мың теңге, қаланың нақтылы бюджеті 175 млрд. 460 млн. 680 мың теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны