15.05.2018, 13:49 7021

Алматы қаласыныӊ өкіл имамы қасиетті Рамазан айындағы шаралар жайлы баяндады

"Рамазан - тақуалық, береке мен бірлік, әрі мейірім мен жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдыӊ сауабы еселеніп жазылады. Хадисте айтылғандай, "адам баласыныӊ барлық игі істерініӊ сауабы артады. Ирбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады".

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ныӊ Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаевтыӊ қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында біршама мәселелер талқыланды.

"Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!",- деп бастады өз сөзін спикер.

"Рамазан - тақуалық, береке мен бірлік, әрі мейірім мен жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдыӊ сауабы еселеніп жазылады. Хадисте айтылғандай, "адам баласыныӊ барлық игі істерініӊ сауабы артады. Ирбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады".

Ғылыми зерттеулер мен шариғи мәтіндерге сүйене отырып, ҚМДБ ғұламалар кеӊесі отандық астрономиялық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып Рамазан айыныӊ бірінші күні - 17 мамыр деп бекітті. Сондай-ақ, маусым айыныӊ 11-нен 12-не қараған түн - Қадір түні деп жарияланды. Айт мерекесі болжам бойынша 15-ші маусымға сәйкес келеді.

Алматы қаласындағы 8 ауданныӊ барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар таратылатын болады. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханын ұйымдастыру жоспарлануда.

Имамныӊ хабарлауыншща, бүгінгі күнге дейін әрбір мешіттерде діни сауаттарын көтерген жамағатқа арналған "Раббым! Білімімді арттыр!" интеллектуалдық сайысы және "Умра кімге бұйырады?" сайыстары Орталық мешітте күнделікті (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері) аср намазы мен ақшам намаздарыныӊ ортасында өткізіліп отыратын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 49 мешітте тарауық намаздары өткізілсе, оныӊ 45-інде тауарық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етіледі.

Мешіттердегі тауарық намаздарыныӊ түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан келуші жамағаттыӊ үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімініӊ қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саин көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даӊғылы бағыттарында) жүретін бағытты автобустар кестесі ағымдағы жылдыӊ 16 мамыры мен 14 маусым аралығында әр кеште сағат 24:00-ге дейін созылады.

Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттыӊ қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерініӊ бақылауы күшейтіледі, - деп мәлімдеді Алматы қаласыныӊ бас имамы Еркінбек қари Шоқаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны