30.09.2017, 11:55 7291

Алматы кәсіпкерлерін қайырылымдылықпен белсенді түрде айналысуға шақырды

Алматы қаласыныӊ кәсіпкерлер палатасында Ұлттық палата бастаған "Атамекенім" әлеуметтік жобасы таныстырылды. Акцияныӊ мақсаты - бизнестіӊ атаулы қайырымдылық бастамасына қолдау білдіру.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ кәсіпкерлер палатасында Ұлттық палата бастаған "Атамекенім" әлеуметтік жобасы таныстырылды. Акцияныӊ мақсаты - бизнестіӊ атаулы қайырымдылық бастамасына қолдау білдіру.

"Алматыныӊ кәсіпкерлері жомарттығымен танылған - ауруханалар, балабақшалар салып, қоғамдық ұйымдарға, жағдайы төмен отбасыларға көмектеді. Алайда көбініӊ есімдері аталмайды, олар жақсылық жасағандарын жариялай бермейді. Біз, керісінше, мұндай істерді көрсету керек деп санаймыз. Игі істер кеӊ жайылып, өзге де кәсіпкерлерді жақсылық шасауға үндейді. Бұл, былайша айтқанда, "жақсылықтыӊ вирусы" ретінде таралады, нәтижесінде шалғай аймақтарда да игі істер атқарылады", - деп түсіндірді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Қайрат Құдайберген.

Оныӊ айтуынша, қайырымдылықпен айналысып отырған кәсіпкерлердіӊ көбі заӊнамада белгілі бір жеӊілдіктер, басымдықтар берілгенінен хабарсыз. Ірі салық төеушілер мониторингіне енген салық төлеушілер - салық салынатын табыстан 3%- дан аспайтын жалпы сома көлемінде, Жоғарыда аталған салық төлеушілерден бөлек салық төлеушілер - салық салынатын табыстан 4 %-дан аспайтын жалпы сома көлемінде жеӊілдіктер қарастырылған.

"2015 жылы жеӊілдетілген салық салу ережесін 2 мыӊға жуық кәсіпкер пайдаланған. Салық салынатын табыстыӊ азайтылған көлемі шамамен 46 млрд теӊге. Мұнымен қоса, Қазақстанда кәсіпкерлік тәжірибесі айтарлықтай дамымаған. Біз барлық дамыған елдердегідей қайырымдылық көмегін көрсеткен бизнес үшін экономикалық ынталандыру болғанын қалаймыз. Бүгінде жеӊілдікті қолдану механизмініӊ тиімділігін бағалау мен мониторингілу қажет", - деп атап өтті Қайрат Құдайберген.

Жиын барысында қайырымдылық көмегін жасаудыӊ мәдениетін қалыптастырудыӊ қажеттілігі туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов та айтты. Икімдік өкілініӊ келтірген мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік жауапкершілік аясында Алматы қаласында 23,8 млрд теӊге сомасындағы жобалар жүзеге асырылып келеді. Мысалы, бизнес 2300 орындық 13 балабақша салуды жоспарлап отыр, оныӊ ішінде 6 балабақша ашылған. Атап айтқанда бизнес тарапы құрылысын жүргізіп, қаланыӊ коммуналдық меншігіне өткізеді. Сонымен қатар Медеу ауданында 600 орындық мектеп берілсе, Наурызбай ауданында 1200 орынға арналған мектеп салынған.

"Біздіӊ жұмысымызды түсіндіріп өтсем, белгілі бір жоба үшін жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы да дайын тұрады. Алайда бюджет шектеулі болғандықтан құрылысын бірден бастай алмаймыз. Мысалы Алматы қаласыныӊ бюджеті 500 млрд теӊге болса, ал қаладағы қажеттілік 2-3 трлн теӊге. Осы уақытта іске бизнес араласады. Мысалы "Сәби" қоры 1,8 млрд теӊгеге мектеп салып берді. Сондай-ақ 260 балабақша мен спорт алаӊдарын салған шағын компаниялар да бар. Мысалы 7000 орындық балабақша салып, оныӊ 3000 орнын Алматы қаласы Білім басқармасыныӊ қарамағына өткізуге дайын компания да бар", - деп түсіндірді Мақсат Қиқымов.

Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Юрий Тілеумұратов мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесініӊ жүзеге асырылуына қатысты пікір білдірді.

"Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша бірнеше жоба бар. Біз сол жобаларды тауып, сүймелдеп, сараптама жүргіздік. Бүгінде 16 жоба анықталып, оныӊ ішінде 2 жоба іске асырылды. Атап айтқанда мектеп стандиондары салынды", - деп хабарлады Юрий Тілеумұратов.

"Тұран-Экспресс" ЖШС, "MetallPromGroup" ЖШС, "Рахат" ЖШС, "Темірбетон-1" ЖШС секілді бірқатар кәсіпорындар Ұлттық палата бастама көтерген "Атамекенім" акциясына қатысуға дайын. Олардыӊ әрқайсысы қайырымдылық мақсатында миллиондаған қаражат бөліп, балалар үйі, қарттар үйі мен ҰОС және еӊбек ардагерлері, сырқат жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын түрлі акцияларға демеушілік көрсетіп келеді.

"Атамекенім" акциясы аясында Илеуметтік мәселелер тізімі дайындалады. Бұл бірыӊғай мәліметтер базасы www.atameken.kz сайтында жарияланады, оған кез келген азамат өтінім қалдырып, қалаған кәсіпкер көмек көрсете алады. Сонымен қатар Facebook әйлеуметтік желісінде "Атамекенiм - дари добро!" жалпыға ортақ топ ашылды. Бұл топқа жақсылыққа ниеттес азаматтар тіркеліп, жасалған игі іс туралы хабарлап, ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Парыз" мемлекеттік наградасын беруді ұсынып отыр. Аталған сыйлықты берудегі басты мақсаты -қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін үлесін жоғары бағалау. Сондай-ақ, "Парыз" байқауыныӊ өлшемдерін жетілдіруге назар аударылған. Кәсіпорындардыӊ болашақта әлемдік тауар нарығына шығуына ықпал ететін халықаралық стандарттар көрсеткішімен толықтырылуы мүмкін.Акция аяқталғаннан кейін, "Атамекен" ҰКП бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметтіӊ қарауына береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны