19.09.2012, 16:04 3129

Алматы маңында құны 20 млн АҚШ доллары тұратын ақпараттық технологиялар орталығы бой көтереді

Алматы маңындағы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында құны 20 млн долларлық. Бұл туралы сәрсенбі күні Ұлттық технологиялық даму агенттігі хабарлады.

Алматы. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы маңында құны 20 млн АҚШ доллары тұратын ақпараттық технологиялар орталығы бой көтереді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы маңындағы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында құны 20 млн долларлық. Бұл туралы сәрсенбі күні Ұлттық технологиялық даму агенттігі хабарлады.

Павлодарда Қазақстан мен Ресейдің ІХ аймақаралық ынтымақтастық форумында "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен "KE Group" ЖШС директоры Николай Голубцов осындай келісімге қол қойды.

Орталықты салуға жалпы 20 млн доллар қаржы қажет. Онда әлемнің түріл елдерінен келген 60-тан астам бағдарламашы маман жұмыс істемек.

Жоспар бойынша, орталық түрлі мақсаттағы бағдарламалық қамсыздандырумен айналысады. Орталық ресейлік "Система" және швейцариялық AGT International компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны