11.12.2015, 13:19 3835

Алматы маӊындағы SCAT ұшағыныӊ апатына кінәлілер белгілі болды

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасыныӊ арнайы прокурорыныӊ басшылығындағы Тергеу тобымен 2013 жылдыӊ қаӊтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшелерініӊ қайтыс болуымен ұштасқан "СКАТ" әуе компаниясы" АҚ-ныӊ "CRJ-200" маркалы ұшағымен орын алған әуе апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасыныӊ арнайы прокурорыныӊ басшылығындағы Тергеу тобымен 2013 жылдыӊ қаӊтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшелерініӊ қайтыс болуымен ұштасқан "СКАТ" әуе компаниясы" АҚ-ныӊ "CRJ-200" маркалы ұшағымен орын алған әуе апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ комиссиясымен бірлесіп және әуе апатын зерттеуге тартылған шетелдік және отандық әуе мамандарымен апаттыӊ орын алу болжамыныӊ барлық мүмкіндігі тексерілді, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Ұшудыӊ соӊғы минуттарында, жерүстіне жақындағандықты білдіретін борт компьютерініӊ ескерту дабылы қосылған уақытта, жұмыс қабілеттілігін ішінара жоғалтқан әуе кемесініӊ командирі ұшақты басқармаған, ал екінші ұшқыш құрылғылардыӊ параметрлеріне бақылау жасаудыӊ орнына, диспетчермен радиобайланыс орнатумен әлек болған.

Комиссия мен экипаж араларында ішкікабиналық коммуникативтік өзара байланыстыӊ жеткіліксіз жағдайда екені, олардыӊ борткомпьютерініӊ ескертуіне әрекет етулері жоқ екені, сондай-ақ ұшу құрамыныӊ медтексеруден өту талаптарын орындамағаны атап өтілді, айта кететіні, әуе кемесініӊ командирі тексерусіз және отадан кейінгі реабилитациялық кезеӊсіз ұшуды орындаған.

Апатпен ұштасқан қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін эксплуатациялау ережесініӊ бұзылуына жол берген ұшу экипажыныӊ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс олардыӊ қайтыс болуларына байланысты қысқартылды.

Сонымен қатар, ұшқыштардыӊ жіберген кемшіліктері мен әуе компаниясыныӊ ұшу жұмысын жеткіліксіз ұйымдастыруында тікелей себеп-байланыс бар.

Ұшу экипажы шетелдік оқу орталығында білім алған; ұшқыштар жаттығу, алдын ала дайындығы және біліктілігін жоғарылату курстары бойынша қажетті білім көлемінен өтпеген; әуе кемесініӊ командирі отадан кейінгі тексеруден өткізілместен ұшуға жіберілген; әуе компаниясы үнемі, соныӊ ішінде оқиға болатын күні ұшқыштардыӊ еӊбек және демалу режімдерін сақтамаған.

Аталған жұмыс саласына жауапты әуе компаниясыныӊ ұшу қызметініӊ директоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 344-бабыныӊ 3-бөлігімен күдікті ретінде танылған әуе компаниясыныӊ ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс негізінен қарау үшін 2015 жылдыӊ 10 желтоқсанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны