25.05.2010, 11:52 3472

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы мектептерінде бүгін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты сап түзеуге оқытушы-мұғалімдер, мектептердің түлектері мен олардың ата-аналары келді. Дәстүрге сай жиналғандар концерттік бағдарламаны тамашалап, соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биыл Алматыда 7459 мемлекеттік білім беру, 471 жеке меншік білім беру мекемелері өз түлектерін ұшырады. Үздік аттестат пен "Алтын белгіден" 178 түлек үміткер болып отыр.

Түлектерді енді Бірыңғай ұлттық тестілеу сынағы күтіп тұр, ол Алматыда жеті ЖОО негізінде маусымның 4 мен 9 аралығында өтеді.

Бүгінде Алматыда 181 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оларда 160 000 мыңнан астам оқушы оқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны