08.10.2018, 18:52 7488

Алматы мемлекеттік қызметкерлері мен кәсіпкерлері президенттіӊ жолдауын талқылады

Президент мұғалімдердіӊ мәртебесін қорғайтын заӊ әзірлеуді тапсырды. Ал жалақылары тағы да жоғарылап, өздері туралы арнайы заӊ әзірленсін деген жаӊалықты естіген алматылық ұстаздар бұл оқу сапасына тікелей оӊ әсер етеді дейді.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Алматы мемлекеттік қызметкерлері мен кәсіпкерлері президенттіӊ жолдауын талқылады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Президент мұғалімдердіӊ мәртебесін қорғайтын заӊ әзірлеуді тапсырды. Ал жалақылары тағы да жоғарылап, өздері туралы арнайы заӊ әзірленсін деген жаӊалықты естіген алматылық ұстаздар бұл оқу сапасына тікелей оӊ әсер етеді дейді.

Ұстаздар пікірінше, өздері түрлі қоғамдық жұмыстар мен қағазбастылықтан әбден зәрезап болған. Елбасы бүгінгі кезекті жолдауында білім беруі тиіс мұғалімдерді көше тазалатуға шығарғанды қою керек деді. Жергілікті әкімдік сенбілік пен сан түрлі жұмыстарға да осы ұстаздарды жұмсауды әдетке айналдырған және олардыӊ міндетінен тыс жұмысқа жалақы да төленбейтін де айтты. Ал олардан тек сапалы білім беру ғана талап етілуі тиіс. Бұдан өзге, мектептер пен балабақшалар түгелдей бейнебақылау камераларымен жабдықталуы шарт. Бұл оқушылар мен бүлдіршіндерді түрлі келеӊсіздіктерден қорғауға мүмкіндік береді.

"Елбасыныӊ кезекті жолдауы біз үшін жақсы жаӊалықтарға толы болды. Өйткені, мұғалімдердіӊ мәртебесі туралы айтылды. Мектептегі қағазбастылықтан құтылудыӊ пайдасы көп болар еді. Сондай-ақ, көп мектептер үш ауысыммен оқиды. Демек, бала шаршайды, кешке сабақты қабылдай алмайды. Оны да қолға аламыз деді. Мұғалімдер үшінде жақсы жаӊалық көп болды", - деді Алматы қаласы №178 "Жаӊа ғасыр" гимназиясыныӊ мұғалімі Гүлнұр ДҮЙСЕМБИЕВА.

Нұрсұлтан Назарбаев сапа емес, санға жүгіріп, қажетсіз мамандарды дайындай беретін жоғарғы оқу орындарыныӊ басшыларын да сынға алды. Тіптен, Елбасы оқу орындарда жемқорлық бар деді. Президенттіӊ айтуынша, жоғары оқу орындарын ірілендіру қажет және керексіз адамдарды оқытып, диплом бере бермеуді ұсынды. Қай университеттіӊ қаншалықты сапалы білім бергенін түлектердіӊ жоғары жалақылы жұмысқа орналасуынан-ақ білуге болады.

"Көптеп шетелге оқуға кетіп жатыр. Елбасы өте жақсы айтты. Яғни жастар шетелге оқуға көп кетіп жатыр. Бұл неніӊ көрсеткіші? Бұл кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Себебі, жастардыӊ арасында өзекті мәселелер бар. Қандай мәселелер дейсіз ғой? Білім мәселесі, жұмысқа тұру мәселесі, аймақтағы, ауылдардағы жастар мәселесі айрықша шешімді қажет етеді", - деді "Жастар үні" ЖҚБ төрағасы Дәурен БАБАМҰРАТОВ.

Келесі жылдан бастап елімізде кіші және орта бизнес иелеріне салықтық рақымшылық жарияланады. Олар салықтыӊ негізгі қарызын төлейтін болса, айыппұлдары мен өсімақылары кешіріледі. Назарбаевтыӊ пікірінше, бұл шара көлеӊкелі экономикамен күресіп, бизнесті дамытуға септігін тигізеді. Елбасы алдағы үш жылда көлеӊкелі бизесті тым болмағанда 40 пайызға қысқарту қажеттігін айтты.

"Бізге тексеру жүргізілген соӊ біраз қиындыққа тап болып қалатынбыз.Себебі, өзіміздіӊ тікелей міндетімізді атқара алмай қалып жатамыз, ал тексеру көп уақытты алып қоятын. Енді Жолдауда айтылғандар жүзеге асса, болашақта біз сияқты кәсіпкерлерге жеӊіл болып, жолымыз ашыла түседі деп ойлаймын", - деді кәсіпкер Бекежан ТЫНЫШТЫҚБАЙ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны