21.08.2012, 11:24 3359

Алматы мен Астана қалалары 2013 жылы 4G желісімен қамтылатын болады

4G желісінің құрылысы үстіміздегі жылы басталып та кеткен.

Алматы. 21-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы мен Астана қалалары 2013 жылы 4G желісімен қамтылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚР премьер-министрінің арнайы сайтында хабарланды.

4G желісінің құрылысы үстіміздегі жылы басталып та кеткен.

"2013 жылдың басына қарай аталған желілер Алматы және Астана қалаларына, ал 2014 жылға қарай барлық облыс орталықтарына таралуы керек", -делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, 2015 жылы 4G желісімен халқы 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер, ал 2018 жылға қарай барлық аудан орталықтары қамтылатын болады.

Бұдан басқа, республикада 4G Long Term Evolution ұялы байланыс стандартын енгізу жөніндегі жоба да жүзеге асырылуда. Ол бойынша Алматы және Астана қалаларының аумағында 4G LTE ұялы байланысының ілкі жобасын ұйымдастыруға арналған радиожиілік спектрін қолдану іске асырылуда.

Бұл ілкі жоба қазір іске қосылған, сондай-ақ тестілеуді жүргізу үшін 5 базалық станция да орнатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны